Өзбекстанға 83 млн теңгені заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Өзбекстанға 83 млн теңгені заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Өзбекстанға 83 млн теңгені заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
ашық дереккөзі
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері елден декларацияланбаған қаражат шығармақ болған азаматтарды ұстады деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылы 6 қарашада "Астана – Ташкент" халықаралық рейсінің жолаушыларынан 180 мың АҚШ доллары (83 601 000 теңге) табылды. Кеден қызметкерлерінің айтуынша, ақша иелері кедендік тексеру кезінде оларға қарсылық білдіріп, кедергі келтірген.
"Құқық бұзушыларға қатысты жинастырылған материалдар ҚР ҚК 234-бабы бойынша қылмыстық істер қозғау жөнінде шешім қабылдау үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды", – деп хабарлады ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, ҚР Ұлттық банктің белгілеуі бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын елден тысқары алып шығуға тыйым салынады.