Жексенбі, 29 Қаңтар, 2023

Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақмола облысы Аршалы кентінде жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған деп хабарлады turkystan.kz.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2022 жылғы 10 қарашадағы № 10 хаттамасы негізінде Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», – делінген шешімде.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, 9 қазанда Аршалы ауданы жарықсыз қалған. Оған Астана қаласындағы 2-ші жылу электр орталығында тіркелген апат себеп.

«9 қарашада сағат 4:00 шамасында Астана қаласының 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты Аршалы ауданы аумағындағы негізгі электр желісі токтан ажыратылды. Резервтік желіні қосқаннан кейін Аршалы кентінің қазандықтарының орталық сорғылары өртеніп, істен шыққаны анықталды.

9 қарашада сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңнен су сору құрылғысының жұмысы қалпына келтірілді. Халыққа су беру 10 қарашада сағат 5:00-де қалпына келтірілді. 11 қарашада тағы 2 тереңдік сорғы құрылғысы орнатылды», – деп мәлімдеді құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Әкімдіктің дерегінше, Аршалы кентіндегі сорғы станцияларының жұмысы 9 қарашада сағат 12:00-де қалпына келтірілген. Ал, тұрғын үйлерге жылу сағат шамамен 13:00-де беріле бастаған.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі апаттың салдарын жою үшін енгізіліп отыр.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button