Қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионы атанды

Қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионы атанды

Қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі

Иорданияда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова алтын жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz.

Амманда жалауы желбіреген сары құрлық біріншілігінде 54 келіде сынға түскен Жайна Шекербекова финалда тайландтық Жуматас Житпонгпен кездесіп, басымдықпен жеңіске жетті.

Ал 57 келіде Карина Ибрагимова финалда жапониялық Ирие Сенадан басым түсті.

Бірнеше күннен бері Иорданияда өтіп жатқан былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасынан 7, әйелдер боксынан 3 спортшы финалға шыққан болатын.

Бұған дейін жеңіл салмақта сынға түскен қазақстандық Алуа Балқыбекова да алтын алғанын хабарлаған болатынбыз.