ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды

ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды

ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды
ашық дереккөзі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығын тәмамдаған Әли Жүсіпов Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды деп хабарлады turkystan.kz.

Ол қыркүйек айынан бастап, Google компаниясының Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді.

Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде дамытып үлгерді.

Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды.

26 жыл ішінде ЕҰУ-нің қабырғасында 77 мыңға жуық білікті маман даярланды. Олардың көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етуде.

 width=