Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр
Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр
Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан.
«Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған»,- деп хабарлады ведомстводан.
Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.