Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр

Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр

Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан.
«Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған»,- деп хабарлады ведомстводан.
Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.