Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары белгілі болды

11 қараша, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары белгілі болды Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 12 боксшысы финалға шығып отыр. Олардың 9-ы – ер, 3-еуі – әйел. Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қарашада өтсе, ерлердікі 12 қарашаға жоспарланған деп хабарлады turkystan.kz. Әйелдер: 54 келі: Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Тайланд), 57 келі: Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония), 81 келі: Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан). Ерлер: 48 келі: Санжар Ташкенбай — Аратаке Кадзума (Жапония), 51 келі: Сәкен Бибосынов — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан), 54 келі: Махмұд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин), 57 келі: Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков (Өзбекстан), 67 келі: Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд), 71 келі: Асланбек Шымбергенов — Зеяд Ишайш (Иордания), 75 келі: Нұрқанат Райыс — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан), 92 келі: Айбек Оралбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан), +92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).