Оралда ер адам туған інісін пышақтап өлтірген

Оралда ер адам туған інісін пышақтап өлтірген

Оралда ер адам туған інісін пышақтап өлтірген
ашық дереккөзі
Оралда өз пәтерінен 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылды деп хабарлады turkystan.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПД-нің мәліметінше, оқиға 8 қараша күні Циолковский көшесіндегі үйде болды.
«Сағат 22.05-те 1975 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде 1973 жылғы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Күдікті ретінде марқұмның туған ағасы айыпталып отыр.