Әлімханұлының айқасы немен бітеді? – Сарапшы болжамы

Әлімханұлының айқасы немен бітеді? – Сарапшы болжамы

Әлімханұлының айқасы немен бітеді? – Сарапшы болжамы
ашық дереккөзі
Nyfights.com порталының шолушысы Райан О'Хара қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) мен британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) айқасына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Боксшылар 13 қараша Лас-Вегаста Жәнібекке тиесілі WBO титулын сарапқа салады.
«Әлімханұлы - ақылды, қарсыласын қысымға алып отыратын, жылдам, джебы мықты және рингте IQ бар жігіт. Солақай болғандықтан, қарсыласына күтпеген соққы жасайды. Бентли солақайлармен ешқашан жұдырықтасқан емес. Ал енді мына таныстық оған ауыр тиеді. Ол ринг шетінде қорғанғанда артқа қойған аяғын іске қоспайды, тіке артқа жүріп, қолын кеудесіне түсіріп алады. Ал солақайдың алдында артқа тіке жүру - кешірілмес қателік. Енді оның алдында жай солақай боксшы емес, мықтылардың бірі болады. Бентли қаупті жағдайда» деп жазды О'Хара.