Жаңалықтар

Ресей азаматы ақтөбелік полицейге пара бермек болған

ашық дереккөзі

Ресей азаматы ақтөбелік полицейге пара бермек болған

Ресей Федерациясының азаматына полиция қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 8 қарашада Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде ЖҚЕ бұзғаны үшін 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volvо FN жүк автокөлігі тоқтатылған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полицияға пара ұсынған. Полиция қызметкері ақшадан бас тартқан. Принципті берік ұстанған полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.