Жаңалықтар

«Тұман түсіп, жел күшейеді»: бүгінгі ауа райы болжамы

ашық дереккөзі

«Тұман түсіп, жел күшейеді»: бүгінгі ауа райы болжамы

Республиканың жеті облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады  turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, Астанада 11 қарашада кей жерлерде көктайғақ болып, қар жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с. Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстікте, батыста, Қостанай облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.