Ғалымдарға ғылыми гранттар табысталды

Ғалымдарға ғылыми гранттар табысталды

Ғалымдарға ғылыми гранттар табысталды
ашық дереккөзі
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Республика күніне орай бірнеше ғалымға JANA ASU ғылыми гранттары табысталды. Гранттар университет тарапынан қаржыландырылады. JANA ASU ғылыми грантының мақсаты коммерция ландыру әлеуеті бар ғылыми жобалар мен озық идеяларды қолдау Ашық конкурстық іріктеу нәтижесінде JANA ASU гранттарын ЕҰУ 4 ғалымы иеленді. Техника ғылымдарының кандидаты Асқар Баубек «Көмірсутек отынын жағуға арналған тәжірибелі жартылай өнеркәсіптік құрылғыны әзірлеу» жобасын ұсынды. Ғалым Қазақстанда электр энергиясы мен жылуды өндіруге арналған отандық тиімді жанарғы құрылғыларды енгізуді мақсат тұтып отыр. Бұл инновациялық құрылғы көмегімен жанармайдың толық жану технологиясы ұсынылады. Жасыл технология негізінде бірнеше өзекті мәселені шешуге ықпал етеді: сұйық отынды 25 пайыз үнемдеу, әртүрлі отын ның түтін сіз жануы және тағы басқалары. Сәулет-құрылыс факультетінің докторанты Асқар Есентаев «Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін қадаларды соғудың ең аз рұқсат етілген қашықтығын анықтау үшін діріл мониторингі әдісін әзірлеу» жобасын ұсынды. Оның мақсаты – іргетастар мен қолданыстағы ғимараттарға, құрылыстарға діріл әсерін болдырмайтын геологиялық жағдайларға байланысты қадаларды соғу құрылғысының ең аз рұқсат етілген қашықтығын анықтау бойынша инно вация лық әдістемені (діріл мониторингін) әзірлеу. Ақпараттық технологиялар факультетінің «Жасанды интеллект технологиялары» кафед расының аға оқытушысы Амангелді Нұрзада қымбат датчиктерді, бірегей камералар мен супер компьютерлерді пайдаланбайтын автоматты сурдоаударманың бюджетті жүйесін ұсынды. Жоба есту қабілеті нашарлаған адамдардың өмірін жақсар туға және олардың білім беру процесіне интеграциялануына бағытталған. Бүгінде Қазақстанда есту қабілеті нашарлаған науқастардың жалпы саны 200 мың адамнан асады, оның ішінде есту мүшелерінің туа біткен ақауы бар 700 бала бар. Журналистика және саясаттану факульте тінің аға оқытушысы Бейбітгүл Тоқабаева «Құнды кітаптар және оларды қалпына келтіру» орталығын құруды ұсынды. Жобаның мақсаты – құнды кітаптар орталығын құру, ескі және сирек кітаптардың ғылыми негізін саралайтын ғылыми-зертхана жұмысын ұйымдастыру. Биылғы қыркүйек айында ЕҰУ зерттеу университеті мәртебесіне ие болып, Үкімет білім ордасының даму бағдарламасын бекітті. Зерттеу университетінің моделі білім, ғылым және өндірістің өзара әрекеттесуін білдіреді. ЖОО-ны трансформациялау аясында ғалымдар салалардың нақты мәселелерін шешуге және ғылымның, Қазақстанның қарқынды дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған зерттеулермен айналысуда.
– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев зерттеу университеттері ол білім саласындағы сән емес, инновациялық экономиканы құрудың негізі екенін атап өтті. Сондықтан қолданбалы ғылыми зерттеулер мен жобалар ел дамуының қажеттіліктеріне бағдарлануы және қазақстандықтардың игілігіне қызмет етуге тиіс. Жобаларды саралау кезінде аталған критерий негіз болды. Мемлекет өз тарапынан бүгінде ғылымның дамуына барлық жағдай жасауда, – деп жеңімпаздарды құттықтаған Л. Гумилев атындағы ЕҰУ басқарма мүшесі – ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жәніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева JANA ASU ғылыми грантына байқау ары қарай да жалғасатынын атап өтті.