Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстандағы түрмеде төбелес болып, бір адам көз жұмды

ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстандағы түрмеде төбелес болып, бір адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталғандар арасында төбелес болды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сілтеме жасап. «9 қараша күні №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болған. Төбелес кезінде сотталғандардың бірі екіншісінің басын болжам бойынша балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан көз жұмды», - делінген хабарламада. Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.