Қазақстанда баспана саудасы күрт төмендеп кетті

Елімізде баспана саудасы күрт төмендеп кетті деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазанда 34 мың жылжымайтын мүлік сатылған. Бұл – былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға төмен.
«Үй саудасының азаюына зейнетақы жинағындағы жеткілікті шек мөлшерінің көтерілуі, шаршы метр құнының қымбаттауы және арзан ипотекалық бағдарламалардың жоқтығы себеп», – дейді сарапшылар.