Жаңалықтар

Тоқаевтың жақтастары Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

Тоқаевтың жақтастары Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.

Қаладағы Орталық стадионда «Ақтөбе» футбол клубының ойыншыларымен кездесу өтті. Онда кандидаттың кәсіби спортты дамытуды және саламатты өмір салтын дәріптеуді көздейтін басымдықтары сөз болды.

Штаб мүшелері Қ.Жұбанов атындағы университетте жоғары оқу орнының ғалымдарымен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Кездесуде сайлау алдындағы бағдарламадағы ғылымды қолдауға арналған нақты шаралар талқыланды.