Үш ай бойы іздеуде болған 22 жастағы қыз табылды
Үш ай бойы іздеуде болған 22 жастағы қыз табылды
Жетісу полициясы 3 ай бойы іздеуде жүрген қызды тапты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне 22 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған Бақтыбай ауылының тұрғыны жүгінді.
Көші-қон қызметкерлері қыздың жүрген жерін анықтады.
Қыз Алматы облысының аудандарының бірінен табылды. Қазір оның неліктен үйінен кетіп, ата-анасымен хабарласпағаны анықталып жатыр.
Қызымен қайта қауышқан ана тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.