Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Қызылорда облысындағы сайлауалды кездесулері өтті. Ол жақын және шалғай жатқан елдімекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына ат басын бұрды. Облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында ол жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен кездесті.  width= Аралда қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасын тапты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институның мәні талқыланды. Кандидат қоғамның дертіне айналған синтетикалық есірткі, құмар ойындар мен жат мәдениетке еліктегіш жастардың әрекеттеріне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұған ұлттық құндылықтардың тиісті деңгейде насихатталмауы, отбасы тәрбиесінің әлсіреуі себеп. Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Үміткер Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 13 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.