Жаңалықтар

Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Қызылорда облысындағы сайлауалды кездесулері өтті. Ол жақын және шалғай жатқан елдімекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына ат басын бұрды. Облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында ол жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен кездесті.