Елімізде пойыз билеттері қымбаттады

Елімізде пойыз билеттері қымбаттады

Елімізде пойыз билеттері қымбаттады
ашық дереккөзі

Қазақстанда жолаушылар пойызына арналған билет құны қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz. Energyprom.kz мәліметінше, қазан айында баға жылдық мәнде 19,6%-ға өсті. Қала маңындағы пойыздардың тарифі бір жыл бұрынғыдан 16,7%-ға, республика ішіндегі пойыздың плацкарт вагонында – 20,6%-ға, купе вагонында 17,8%-ға қымбаттаған.

«Бағаның айтарлықтай өсуі Шымкент қаласында (жылына 56,3%-ға), сондай-ақ Жетісу (45%-ға) және Алматы (32,3%-ға) облыстарында тіркелді. Ең аз өсім Ақтөбе (плюс 4,9%), Батыс Қазақстан (плюс 6,6%), Ұлытау және Павлодар (әрбір облыста плюс 8%) облыстарында анықталды», - деді сарапшылар.
Қаңтар-қыркүйек айларында темір жол көлігімен 14,7 миллион жолаушы тасымалданған. Пойыз қызметін көбінесе елорда тұрғындары пайдаланды: 3,5 мың адам, бір жылғыдан 23,1%-ға көп. Одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында тіркелді.