«Тұңғыш Президент туралы» Заң заңды күшін қашан жояды?
«Тұңғыш Президент туралы» Заң заңды күшін қашан жояды?
«Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Заң жыл соңына дейін күшін жояды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Дәл қазір бейіндік комитетте жұмыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Заңның заңды күшін жою туралы мәселе Мәжілістің жалпы отырысында дауысқа салынады», – деді Саиров Мәжілістің клуарында.
Бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин заңды референдумнан кейін талқылауға қалдырылғанын түсіндірген болатын.