Жаңалықтар

Жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған есепші ұсталды

ашық дереккөзі

Жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған есепші ұсталды

«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған. Бұл - жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген қаржы деп хабарлады turkystan.kz. Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алады. Кейін оны АҚШ долларына ауыстырған. 76 миллион теңгені Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған. Ол соттың шешімімен  Қылмыстық Кодекстің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық өтелді.