Жаңалықтар

Бүгін бірнеше өңірде қар жауады

ашық дереккөзі

Бүгін бірнеше өңірде қар жауады

Қазақстан аумағының солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс таулы аудандарында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, бірнеше өңірде қар жауады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде тұман, солтүстікте, шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жел күшейіп, боран байқалады. Астанада ауыспалы бұлт, кейде аздаған қар, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2 °С. Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. 0-5 м/с дейін жел соғады. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз +4...+6°С болады деп күтіледі. Шымкентте де күн жауын-шашынсыз өтеді, бірақ аспан бұлтты болмақ. Түнде тұман болады. Шығыстан жел соғып, 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -2...-4°С, күндіз +9...+11°С болады.