Ең қуатты суперкомпьютерді Intel жасап шығармақ

Ең қуатты суперкомпьютерді Intel жасап шығармақ

Ең қуатты суперкомпьютерді  Intel жасап шығармақ
ашық дереккөзі

Argonne Leadership Computing Facility (ALCF) АҚШ энергетика министрлігінің есептеуіш орталығы елдегі ең қуатты супер компьютерді жасап шығару үшін Intel корпорациясын таңдады.

Intel хабарламасында айтылғандай, оның Intel Federal үлестес компаниясы ALCF-мен Аргон ұлттық зертханасына (Чикаго маңында) екі суперкомпьютерді жеткізу туралы шарт жасасты. The Platform басылымының деректеріне сүйенсек, соңғы 20 жылда алғашқы рет келісім-шартты жүйелік интегратор емес, чипмейкер алып отыр. Энергетика министрлігі ең ірі ұлттық зертханаларды қазіргі ең қуаты есептеуіш жүйелерден алты-жеті есе жылдамырақ жұмыс істейтін суперкомпьютерлермен жабдықтағысы келіп отыр. Aurora деп аталатын ең қуатты компьютердің негізі ретінде компьютерлік архитектурадағы жаңа бағыт — Shasta қолданылады, оны жасап шығарған Cray. Суперкомпьютер жоғары өнімді есептеулерге арналған Intel-дің масштабталатын ортасын пайдаланбақ, ол өз ішінде келесі буындағы Intel Xeon және Xeon Phi процессорларын, жадтың инновациялық технологияларын, Intel Omni-Path Fabric және Intel Silicon Photonics технологияларын, Intel Lustre файлдар жүйесін, сонымен қатар осы компоненттердің тиімді біріктірілуін қамтиды. Aurora суперкомпьютері 2018 жылға таман шығарылады, оның шектік өнімділігі 180 петафлопс деңгейінде болмақ — секундасына құбылмалы үтірі бар триллион операция. Қазіргі суперкомпьютерлердің рейтингіндегі көшбасшы Қытай елінде, теория жүзінде ол 55 петафлопстан сәл аздау шектік қуатты қамтамасыз етуге қабілетті.