Жаңалықтар

Павлодар облысында 2 күнде 30 жол апаты болды

ашық дереккөзі

Павлодар облысында 2 күнде 30 жол апаты болды

Екі күн ішінде облыс аумағында жолдарда 31 оқиға тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаменті  баспасөз қызметінің мәліметінше, соның салдарынан екі адам зардап шегіп, қалған жолаушылар материалдық шығынға ұшыраған. - Полиция департаменті жол қозғалысының қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырады. Жолдардағы оқиғаларды болдырмау үшін жүргізушілерге ауа райына және белгіленген қашықтыққа сәйкес жылдамдық режимін сақтауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға кеңес береді, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары   Жасқайрат Қайыров.