Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты
ашық дереккөзі
2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында Қазақстан құрамасы Черногорияны қабылдап, 7:0 есебімен жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы кездесуде жылдам есеп ашты. Көзге түскен Дуглас еді. Әрі қарай жас ойыншы Әбірасул Әбдіманапұлы есепті еселеп, ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты. Бірінші тайм Арнольд Кнаубтың шебер соққысымен аяқталды. Есеп - 3:0. Екінші тайм басталған сәттен Рикардо Кака шәкірттері тағы да жылдам гол соқты. Альберт Ақбалықовқа есепті өзгерту үшін небәрі 35 секунд қажет болды. Әрі қарай Еуро-2022 үздік сұрмергені Біржан Оразов 12 секунд ішінде екі мәрте қарсыластың қақпасынан саңылау тауып, жылдам соғылған дубль авторы атанды. Ойын нәтижесін шабуылшы Азат Валиуллин түйіндеді. Есеп  - 7:0. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы тоғыз ұпаймен өз тобында көшбастап келеді. Келесі кездесу 2023 жылдың 8 наурызында сырт алаңда Словенияға қарсы өтеді.