Жаңалықтар

Астанада қандай медицина нысандары салынады?

ашық дереккөзі

Астанада қандай медицина нысандары салынады?

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында медицина мекемелерінің басшыларымен кездескенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Медициналық мекемелердің басшыларымен медкөмектің сапасын арттыру және медорталықтарды одан әрі жарақтандыру мәселесін талқыладық. Осыған дейінгі кездесуде медицина қызметкерлерімен әрі тұрғындарымызбен атқарылуы тиіс жұмыс жоспары жасалған. Олардың басым бөлігін орындадық. Бүгінгі кездесуде де көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Мәселен медицина қызметкерлері меднысандарды салу және жөндеу, кадрларды даярлау, объектілерді толық жарақтандыру, «Қауіпсіз аула» жобасын одан әрі енгізу және т.б. мәселелерді қозғады.