Жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионаты: Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды

ашық дереккөзі

Бокстан Азия чемпионаты: Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан болып жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды деп хабарлады turkystan.kz. Күндізгі сессияда Қазақстаннан алғашқы болып рингке екі мәрте әлем чемпионы Назым Қызайбай шықты. Ол 50 келіге дейінгі салмақта Жапония елінің өкілі, 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері Намики Цукимимен жұдырықтасты. Назым осы чемпионатта ширек финалда моңғолиялық Мунгунсаран Балсанмен қолғап түйістірген болатын. Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берген еді. Н.Қызайбайдың жартылай финалдық бәсекесі де қызу өтті. Қос боксшы аянып қалған жоқ. Төрешілер жеңісті басым дауыспен жапониялық спортшыға берді.