«Әр үшінші бала ауырып жатыр». Тұмаудың қауіпті белгілері қандай?

«Әр үшінші бала ауырып жатыр». Тұмаудың қауіпті белгілері қандай?

«Әр үшінші бала ауырып жатыр». Тұмаудың қауіпті белгілері қандай?
ашық дереккөзі
Ересектер арасында әрбір оныншы адам, балалар арасында әрбір үшінші бала ауырып жатыр. Бұл туралы «Астана медицина университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында айтты деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап. Дәрігердің айтуынша, аурудың 80 пайызы жеңіл түрде өтеді.
«Бұған қарамастан бірінші күннен бастап баламен бірге ата-анасы үйде қалуы керек. Оны мектепке және тағы басқа жерлерге апармау қажет. Себебі, ол балабақшада, мектепте ауруды басқаларға жұқтыруы немесе оны асқындырып алуы мүмкін», – деді ол.
Сондай-ақ дәрігер тұмаудың қауіпті клиникалық белгілерін атады.
«Температура көтеріліп, түспесе, жөтел пайда болса, сондай-ақ құсу, бас ауруы, температура жоғары болса, бұл мидың зақымдануының белгісі болуы ықтимал. Сондықтан бұл жағдайда баланы дәрігерге көрсеткен жөн. Баланың дауысы өзгеріп, қарлығып кетсе, ентікпе болса, ол да қауіпті. Балаға неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, ол соғұрлым тез жазылады», – деді маман.