Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдерімен кездесті

ашық дереккөзі

Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдерімен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Алғашында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуды қамтитын азаматтық қоғам тақырыбына толығырақ тоқталды. Тараптар республикалық және салалық кәсіподақтардың жәй-күйі туралы пікір алмасты. Қазақстанның «дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» 131 Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясын қабылдау қажеттілігі талқыланды.