Жалған ақша саудасымен айналысқан кәсіпкер қамалды

Жалған ақша саудасымен айналысқан кәсіпкер қамалды

Жалған ақша саудасымен айналысқан кәсіпкер қамалды
ашық дереккөзі

Жалған ақша жасаумен айналысқан жетісулық кәсіпкер қолға түсті. 1984 жылы туылған күдікті Алматы облысы Іле ауданында 1 миллион 200 мың теңге жалған ақша өткізбек болған деп хабарлайды 31 арна.

Айласын асырмақ болған алаяқты Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері ұстады. Тергеу кезінде азаматтың жалған ақшаны Алматы қаласы Емцов көшесінде орналасқан баспаханада шығаратыны анықталған.

Ғимаратты тінту барысында 1000, 2000, 10 000 теңгелік купюралар, арнайы қағаздар мен түрлі құрылғылар тәркіленді.

"Мұндай заңсыздықпен соңғы 6 ай ішінде айналысқаны анықталды. Және көбінесе көтерме түрде сатқан. Егер тапсырыс миллион теңге жалған ақшаға түскен болса, оны 500 мың теңгеге сатпақ болған", - дейді Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.