Бір минут үнсіздік: депутаттар шахтада қаза болғандарды еске алды
Бір минут үнсіздік: депутаттар шахтада қаза болғандарды еске алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Ленин атындағы шахтадағы апатта қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды деп хабарлады turkystan.kz.
«3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада болған апаттың салдарынан 5 адамның қаза тапқаны бәрімізге белгілі. Барлық депутаттық корпустың атынан қайтыс болған кеншілердің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болып, 5 кенші көз жұмды.