Жаңалықтар

«Қастандық па?»: Ербосынұлымен болған жағдайға кім кінәлі екені белгілі болды

ашық дереккөзі

«Қастандық па?»: Ербосынұлымен болған жағдайға кім кінәлі екені белгілі болды

Америкалық белгілі сайт Boxingnews24.com кубалық Дэвид Моррель мен Айдос Ербосынұлы арасында жекпе-жекті ұйымдастырған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) үлкен қателік жасағанын ашық жазды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Міндетті қорғау үшін чемпионға мықтырақ және үлкен айқастарға дайын қарсылас табу керек болғаны да айтылды. «30 жастағы қазақстандық Ербосынұлы бәсекелесуге қабілетсіз болды, әсіресе кейінгі раундтарда. Моррельге қарсы Айдостың қолының жылдамдығы да, бокстағы дағдысы да жетпеді. Бір жақты өткен айқасты алаңдап отырып көрдік. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Ербосынұлын Леннокс Алленді жеңгеннен кейін WBA титулына міндетті қарсылас етті де, ары қарай ешқандай көмек көрсетпеді. Айдостың жеті жылдық карьрасында Аллен жалғыз ғана белгілі боксшы, оның өзінде атақты емес. WBA Моррельге қарсы дайынырақ қарсылас таңдау керек еді. Өйткені жекпе-жекке дейін де Ербосынұлы чемпионмен бір санатта емес екені айқын болды», - деп жазды сайт.