Жаңалықтар

Көктайғақтың кесірінен Алматыда бірнеше көлік соқтығысты

ашық дереккөзі

Көктайғақтың кесірінен Алматыда бірнеше көлік соқтығысты

13 қаңтарда жолдағы көктайғақтың салдарынан Алматыдағы Рысқұлов даңғылының бойында жаппай көлік апаты орын алды деп хабарлайды Zakon.kz

«Волга» автокөлігі Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағытқа қарай қозғалып келе жатқан. Кудерин көшесіне жете бере, ол қарсы бетке шығып кеткен. Оның негізгі себебі көктайғақ болуы мүмкін.

Қарсы бетке шыққан "Волга" алдымен Honda CRV автокөлігіне, кейіннен Subaru Forester көлігіне барып соғылған. Соққыдан Subaru Forester қарсы бетке шығып кетіп, ол Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысады.