Жаңалықтар

Ұлыбританиямен матчта Юлия Путинцева Қазақстанды алға шығарды

ашық дереккөзі

Ұлыбританиямен матчта Юлия Путинцева Қазақстанды алға шығарды

Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан – Ұлыбритания матчы өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Кортқа алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева мен дүниежүзілік рейтингіде 124-орында тұрған Кэти Бултер шықты. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңіске жеткен еді. Ойынның бірінші сетінде Бултер ойын соңына дейін басымдықты сақтап қалды. Есеп – 6:4. Екінші партияда керісінше қазақстандық спортшы брейк жасап, есепті 4:2-ге жеткізді. Сосын өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Есеп – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Путинцева қатарынан екі брейк жасады. Есеп – 4:0. Содан соң өзінің екі геймін алды. Есеп – 6:2. Осылайша, Юлия командасын алға шығарды. Есеп – 1:0, Қазақстанның пайдасында. Екінші ойында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 98-сатыдағы Хэрриет Дарт шеберлік байқасады.