8 жасар қыз қарағандылық полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

8 жасар қыз қарағандылық полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

8 жасар қыз қарағандылық полицейлерді аяғынан тік тұрғызды
ашық дереккөзі
Қарағанды полициясының гарнизоны үш сағатта жоғалған баланы тапты деп хабарлады turkystan.kz. 8 қараша күні 8 жасар қала тұрғыны дәптер сатып алу үшін үйінен шығып, қайтып оралмаған. Анасы ауырып жатқандықтан бала оны мазалағысы келмеген. Арада жарты сағат өткенде үйге қайтып оралмаған қызды анасы іздей бастаған. "Ол бірден полицияға хабар берген. Санаулы минуттарда баланы іздеуге қалалық Полиция басқармасының барлық гарнизонына ақпарат берілді. Тәртіп сақшыларымен саябақ, дүкендер және үйлердің жертөлесін қарау жұмыстары жүргізілді. Сағат 14.10 шамасында патрульдік полиция экипажы жоғалған қыз баланы Рублевка ауданы маңынан тапты", - делінген хабарламада. Полиция қызметкерлері олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, үйіне жіберді.