2025 жылға дейін жастар үшін 12 мың жалдамалы пәтер салынады

2025 жылға дейін жастар үшін 12 мың жалдамалы пәтер салынады

2025 жылға дейін жастар үшін 12 мың жалдамалы пәтер салынады
ашық дереккөзі
Еліміздің 3 мегаполисінде жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады деп хабарлады turkystan.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына орай алдағы үш жылда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынбақ. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес, 2025 жылға дейін жыл сайын 3 мың пәтер салу және сатып алу көзделіп отыр. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге қарастырылған. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі. Осы уақытта жастар өз баспанасына бастапқы жарнаны жинап алады деп жоспарланған. Босаған арендалық үй келесі үміткерге беріледі. Жалпы алғанда, 2019 жылдан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейтін жастарға еліміздегі үш мегаполисте 7 мыңға жуық жалға берілетін пәтер салынған. Бұдан бөлек, бүгінде Астана қаласында «Елорда жастары», Алматы қаласында «Алматы жастары», Қарағанды облысында «Қарағанды жастары», Жамбыл облысында «Әулие ата жастары», Батыс Қазақстан облысында «Орал жастары», Қостанай облысында «Қостанай жастары», Алматы облысында «Алатау жастары», Атырау облысында «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламалары іске қосылды. Бұдан бөлек, Павлодар облысында «Ертіс жастары», Абай облысында «Абай жастары», Ақтөбе облысында «Ақтөбе жастары» өңірлік несиелендіру бағдарламалары дайындалып жатыр. Аталған бағдарламалар жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үш жергілікті бюджеттен 5 пайызбен несие беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 0-10 пайызды құрайды. Несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейін.