Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты

Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты

Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты
ашық дереккөзі

Президент Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-на қарасты біріктірілген газ-химия кешенін іске қосты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Кездесуде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына газ-химия кешенінің даму перспективасы туралы баяндады. Жалпы, кешен құрылысына 4300 адам жұмысқа тартылған. Ол толық іске қосылғанда 631 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  width= «Теңіз» кен орнында өндірілетін шикізатты өңдеуге бағытталған кәсіпорын жылына 500 мың тонна полипропилен шығара алады. Бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды.  width= Өндіріс ошағы еліміздің полипропиленге деген сұранысын өтеп қана қоймай, құрылыс, медицина, автомобиль құрастыру, тамақ өнеркәсібі секілді салаларда полипропиленнен түрлі бұйым шығаратын шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді.  width=  width=  width=  width=  width=