Жаңалықтар

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегеріне пәтер сыйлады

ашық дереккөзі

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегеріне пәтер сыйлады

Дәулет Шабанбайға пәтер кілттерін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов табыс етті. Оған дейін павлодарлық палуан 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қатарына енген деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Биыл қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер және Грузия мен Өзбекстан спортшылары нәтижелері есепке алынбағанынан кейін жерлесіміз Лондонғы 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Спортшы мансабын аяқтағаннан соң палуан ісін жаттықтырушы ретінде жалғастырмақ ниетте. Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін, –  деді Дәулет Шабанбай.