Дәрігер кеңесі: баланы тұмаудан қалай қорғауға болады?

Дәрігер кеңесі: баланы тұмаудан қалай қорғауға болады?

Дәрігер кеңесі: баланы тұмаудан қалай қорғауға болады?
ашық дереккөзі
Елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, осы аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында 10 мыңнан астам жағдай тіркелген. Балаңызды тұмаудан қорғаудың 5 ережесі туралы медицина ғылымдарының докторы, инфекционист-дәрігер Динагүл Баешова айтып берді деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. ЖРВИ және тұмау дегеніміз не? Бұл – вирустық инфекциялар тобы, аурудың қоздырғыштары 300-ден асады. Олар әртүрлі жолдармен таралады.
«Қазір Астанада В тобының тұмауы таралуда, ауру бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ауыр болып жатқанын көріп отырмыз. Вирустар иммунитет тапшылығы кездесетін қолайсыз преморбидті фоны бар балалар үшін ерекше қауіп төндіреді. Преморбидті фонға балаларда туғаннан пайда болатын ауруларды: орталық жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, өкпенің және басқа ағзалардың даму барысындағы ақауларды жатқызамыз», - деп атап өтті Динагүл Баешова.
Оның айтуынша, осы мезгілде ғимарат ішінде және далада маска тағып жүру өте маңызды. Вирус тек ауа арқылы ғана емес, сонымен қатар тығыз байланыс арқылы да таралатынын есте ұстаған жөн. Дәрігер қарапайым тазалық ережелері жұқпалы аурулардың алдын алатынын ескертті.