Жаңалықтар

Зиялы қауымның ұсыныс-пікірлері билікке жетуі керек – Дайрабаев

ашық дереккөзі

Зиялы қауымның ұсыныс-пікірлері билікке жетуі керек – Дайрабаев

«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Абай облысының жұртшылығымен кездесулер өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Кандидат сапары халықтың рухани дамуына зор үлес қосқан ұлы тарихи қайраткерлер – Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Ұлылар рухына тағзым – тағзым мен тағылымды қатар ұстаған «Ауыл» партиясының басты құндылығы. Одан кейін Жигули Дайрабаев және оның командасы Абай облыстық кітапханасында жергілікті зиялы қауыммен кездесу өткізді. Кездесуде  кандидат бағдарламасының маңызды бағыттары – дала демократиясының қағидаттары, қоғамның қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін, қазақ ойшылдары еңбектерінің құнды үлгілерін сақтауға қатысуы талқыланды.