Астана мешітінде 11 111-ші жұптың некесі қиылды

Астана мешітінде 11 111-ші жұптың некесі қиылды

Астана мешітінде 11 111-ші жұптың некесі қиылды
ашық дереккөзі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде 11 111-ші жұптың некесі қиылды деп хабарлайды Muslim.kz.

Мешіттегі неке кітапшасына тіркелген алғашқы бес бірдей таңбалы неке қию рәсімі Астана қаласының тұрғындары Руслан Таженов пен Кәмшат Молдашқызына бұйырыпты.

Жас жұбайлардың некесін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы өзі қиып, ақ батасын арнады.Бұған қоса, ерекше реттік нөмірдің иесі атанған жас жұбайларға «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан арнайы ескерткіш сыйлық тарту етілді.