Енді электронды темекі мен энергетикалық сусын жастарға сатылмауы мүмкін
Енді электронды темекі мен энергетикалық сусын жастарға сатылмауы мүмкін
Мемлекет басшысы Атырау тұрғындарымен кездесу барысында электронды темекі мен энергетикалық сусын жастарға сатылмауы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл - ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Жастардың жат қылыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек.
Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. Бұл – қауіпті жағдай.
Қоғамда энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салу қажеттігі жиі айтылады. Үкімет бұл мәселені мұқият зерделеп, нақты шешім қабылдауы керек.
Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі бар. Біз ұрпақтың денсаулығын және тәрбиесін бүгін ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін», - деді Тоқаев.