Президент жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Президент жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Президент жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
ашық дереккөзі
Бүгін, 8 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысына жұмыс сапары басталды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жергілікті жұртпен кездесуінде Атыраудың ел экономикасы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Бүгін сіздермен шежіресі бай, қазынасы мол Атырау жерінде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қойнауы қара алтынға толы бұл аймақ еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Ақ Жайықтың атырабы әрдайым Қазақстанның экономикалық тірегі болып келеді. Шын мәнінде, тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болды. Бүгінде мұнайдың бағасы едәуір жоғары тұр. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын мен Үкімет басқарған кезде мұнайдың бағасы 10-15 доллар еді. Ірі кен орындары игерілмеген, заманауи технология келе қоймаған шақ болатын. Мұнайды экспорттау жолдары шектеулі, өте қиын заманды бастан өткердік», – деді Президент.