Беспаев «Астана» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды

Беспаев «Астана» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды

Беспаев «Астана» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды
ашық дереккөзі
 «Астана» футбол клубының бас директоры болып Арслан Беспаев тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А.Беспаев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының Қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді. 2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейін «Астана» футбол клубының департаменттерінің бірінде басшылық қызметте болды. Еске салсақ, Арслан Беспаев клубта атқарушы директор лауазымын атқарған болатын.