Сенбі, 28 Қаңтар, 2023

Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады

Қазақстан Республикасының заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтін адамдарды азаматтыққа қабылдамауды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттардың сауалына берген жауабында жазған деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», – делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.

Үкімет басшысы атап өткендей, айтуынша, жоғарыда аталған заңнамалық түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламент депутаттарының түзетулері мен Үкімет қорытындысының жобасына енгізілді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button