Түркістан облысында бір ауылды су басып жатыр

Түркістан облысында бір ауылды су басып жатыр

Түркістан облысында бір ауылды су басып жатыр
ашық дереккөзі
Түркістан облысында бір ауыл жаңбыр суынан зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан Төле би ауданындағы Бірінші мамыр ауылын су басып жатыр. Жалпы, ауылдағы бір балабақша мен жеке сектордағы 25 ауланы және бірнеше көшені су басқан. Қазіргі таңда құтқарушылар жауын-шашынның салдарынан болған су басудың салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.
«Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта 200-ден астам қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарлануда», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазгидромет мамандарының мәліметінше, 8 қараша күні де өңірде жаңбыр жауады.