Емханада жатқан Айдос Ербосынұлының жақындары АҚШ-қа шақыртылды

Емханада жатқан Айдос Ербосынұлының жақындары АҚШ-қа шақыртылды

Емханада жатқан Айдос Ербосынұлының жақындары АҚШ-қа шақыртылды
ашық дереккөзі
Бұл туралы turkystan.kz «Suleimen Promotions» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Suleimen Promotions» компаниясының ұжымы боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы мен денсаулығын бақылауға алды. Ол жеңіліп қалғанына қарамастан, біз үшін кәсіпқой бокстағы мықтылардың бірі. Қазір Айдос Минеаполис қаласындағы үздік клиникалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, жағдайы бірқалыпты. Біз оның денсаулығы жақсаратынына сенімдіміз», - деп жазылған хабарламада.
Ақпаратта спортшының еміне жұмсалатын барлық шығындарды ұйымдастырушы компания өз мойнына алғаны айтылған.
«Сондай-ақ Айдостың жауынгерлік рухын көтеру мақсатында және өзін жақсырақ сезінуі үшін Қазақстандағы жақындарын АҚШ-қа алдырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрине, спорттың қай түрінде де, соның ішінде кәсіпқой бокста жарақат алу қаупі көп. Алайда біз Айдос Ербосынұлының денсаулығын жақсарту үшін барлық көмекті көрсететеміз», - делінген компания таратқан жазбада.