Жаңалықтар

Азия чемпионаты: Нұрбек Оралбай жартылай финалға өтті

ашық дереккөзі

Азия чемпионаты: Нұрбек Оралбай жартылай финалға өтті

Иордания астанасы Амманда бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 80 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда ол Таиланд өкілі Жонгжохо Вирапонды жеңді. Енді ол финалға шығу үшін иорданиялық Хусейн Эйшайшиашайшпен жұдырықтасады.