«Жастарға бір өңірде тұйықталып қалуға болмайды» – Президент

«Жастарға бір өңірде тұйықталып қалуға болмайды» – Президент

«Жастарға бір өңірде тұйықталып қалуға болмайды» – Президент
ашық дереккөзі
Маңғыстау жұртшылығымен кездескен Мемлекет басшысы жастар мәселесіне тоқталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Өңір жастары елімізді өркендету үшін тың бастамалар ұсынып, оны жүзеге асыруға дайын. Осы ретте, облыстағы жастар ресурстық орталықтарына зор жауапкершілік жүктеледі. Дарынды және белсенді жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасауымыз керек. Бұдан бөлек, өңір жастары өзінің біліктілігін арттыруға немесе жұмысқа орналасу үшін басқа аймақтарға, Алматы мен Астанаға да баруы қажет. Тек бір жерде, бір өңірде ғана тұйықталып қалуға болмайды. Үкімет осы мәселелер бойынша облысқа қолдау көрсетуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.