Кореяда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Кореяда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Кореяда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяда Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқан қазақстандық 26 жастағы Мәдина Шерниязованың денесі Қазақстанға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Өткен аптада Сеулде көз жұмған қазақстандық студент қыздың мүрдесін елге жеткізу шығынын Корея тарапы өзі көтерді. Марқұмның мәйіті 3 қарашада Алматы қаласына, ал 4 қарашада Ақтөбе қаласындағы туыстарына тапсырылған. Айта кетейік, қайғылы оқиға 30 қазанға қараған түні Сеулде болғаны туралы жазған болатынбыз.